Көкшетаулық көпбалалы ана сайлауда өз таңдауын жасады
Көкшетаулық көпбалалы ана, «Ана үйі» ресурстық орталығының үйлестірушісі, «Демеу сенім» қоғамдық қорының жетекшісі Құралай Жұмабекова сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол өзі орналасқан сайлау учаскесіне отбасымен бірге барып, азаматтық белсенділіктерін танытты.
Мен бүгін отбасыммен бірге, еліміздің келешегі мен гүлденуі үшін дауыс бердім. Әділдік орнатамыз десек, Жаңа Қазақстанды бірлесіп құруымыз керек. Сол себепті, бүгінгі саяси науқаннан ешқайсымыз қалыс қалмауға тиіспіз деп ойлаймын. Өйткені, бүгінгі таңда мемлекет тарапынан әлеуметтік мәселелерге, оның ішінде көпбалалы отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына жіті көңіл бөлінуде. Бұл біздерді қуантады, әрине. Көпбалалы ана ретінде балаларымыздың келешегі жарқын болсын деп тілеймін. Сол үшін өзім және кәм